Бұған дейін Мәжілістің экс-депутаты, белгілі заңгер, Бақытжан Базарбек Жамбыл облысы аумағында абайсызда 36 жастағы ер адамды қағып кеткендігі туралы ақпарат жарияланған болатын,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жергілікті Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және жәбірленушінің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді.
Т. Рысқұлов ауданында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota жүргізушісі азамат Б. жолда бір адамды қағып кеткен. Апат салдарынан жәбірленуші орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды — делінген хабарламада.
Бұған дейін біз оқиғаның қалай болғаны туралы жазған болатынбыз.
