Халық жинақтарын теңгемен сақтауға көшті

Халықтың ұлттық валютадағы депозиттері рекордтық деңгейге жетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, азаматтардың банктердегі жалпы салымы 30 триллион 670 миллиард теңгені құрады. Бір жылда жинақ көлемі 16 пайызға жуық өскен,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Өсімнің негізгі бөлігі теңгедегі депозиттер есебінен қамтамасыз етілген.  Мұның көлемі 25 триллион теңгеден асып, халықтың барлық банк жинағындағы үлесі 82 пайыздан жоғары болды.

Ал шетел валютасындағы депозиттерге қызығушылық төмендеген. Бір жыл ішінде мұндай салымдардың көлемі 8 пайызға қысқарып, жалпы депозиттердегі үлесі тарихи ең төмен деңгейге жеткен.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, бұған теңгенің нығаюы мен инфляция қарқынының баяулауы әсер еткен. Соның нәтижесінде жинақты ұлттық валютада сақтау тиімдірек бола бастаған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика