Бір апта бұрын, 17 қарашада, доллардың ресми бағамы 444,40 теңге болған. 20 қарашада 448,72 теңгеге жетсе, кейінгі күндері 455 теңгеге дейін көтерілген. Осылайша, бір апта ішінде ресми бағам 10,72 теңгеге немесе 2,4 пайызға өсті.
Ал 24 қарашадағы нарықтық бағамды бір апта бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, доллар 13,60 теңгеге немесе 3,1 пайызға қымбаттаған.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (AFK) бағалауынша, 23 қарашадағы валюта нарығындағы өзгерістерге негізінен ішкі факторлар әсер еткен. Атап айтқанда, тоқсандық салық төлемдері қарсаңында экспорттаушылар салық міндеттемелерін теңгемен өтеу үшін шетел валютасын көбірек сатуы мүмкін. Қауымдастықтың пікірінше, мұнай бағасының төмендеуі мен доллардың әлемдік нарықта нығаюына қарамастан, валюта ұсынысының артуы теңгені қолдаған болуы ықтимал.
