Жергілікті ақпарат агенттігінің жазуынша, марқұм Бауыржан Асаиновтың денесі 18 қазанда өзі тұратын пәтерден табылған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Асаинов Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментін басқарды.
Марқұм шенеунік Атырау облысы бойынша әлеуметтік қорғау департаментін 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап басқарды. Оған дейін прокуратура органдарында, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жұмыс істеді. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған.
