Қазақстанда тағы бір батырдың атындағы медаль пайда болды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес батырдың құрметіне Ішкі істер министрлігінің «Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов» ведомстволық медалі тағайындалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл медальмен қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталатын болады.

Алғашқы медаль естелік ретінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды.

Еске сала кетейік, полиция капитаны, 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болды. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы, Түймекент ауылында дүниеге келген. Ол 20 жыл құқық қорғау органында қызмет етті. Артында жұбайы мен 2 ұлы қалды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика