Астанада сатып алушыларды алдаған автосалон директорына сот үкімі шықты

Автосалон директоры бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөліктерді сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Астана қаласының прокуратурасы берген мәліметінше, сатып алушылардан алынған ақшалай қаражатты жеке мақсаттарына пайдаланған.

Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрініс жасау мақсатында жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған.

Сотталушының әрекеттерінен 6 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген. Сот процксі кезінде Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика