Елімізден Қытайға ірі көлемде киік мүйізін өткізбек болғандар ұсталды

Күдіктілер өздерінің заңсыз әрекетін «Қорғас» шекарасы арқылы жасырын жолмен жүзеге асырмақ болған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мәлімдеді.

20 қазанда «Қорғас» шекара маңындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана киік мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге,-делінген дереккөз берген ақпаратта.

Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға жіберіледі.

Арнайы орган өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтындығын ескертті.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика