Фото: Әлеуметтік желіден алынды
“КешYou” тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
”Бұл менің соңғы уақытта жасаған ең қиын қадамым. Бірақ оның дұрыс екенін сезіп тұрмын. Мен өз-өзіммен ұзақ күрестім. Бүгін өз алдымда шынайы болуды таңдаймын. Біреу түсінер, біреу сынар. Құқық өздеріңізде”, — деп жазды әнші.
Желі оқырмандары әншіні “хиджабын шешті” деп топшылады. Алайда 18 сағат бұрын жазба қалдырған әнші одан кейін ешқандай пост жарияламаған.
