Түркістанда өздерін ҚМА қызметкеріміз деп ақша бопсалаған екі азамат ұсталды

Күдіктілер өздерін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ретінде таныстырып, «анықталған заңбұзушылықтарды» алға тартып, медицина мекемелерінің басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сонымен қатар сыйақы берсе, жауапкершілікке тартпауға уәде етіп, ақша талап еткен. 

Екі адам өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алуға тырысқан. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.

Осы жылғы 8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.

Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Фото: ашық дереккөзден.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика