LowKzMeet 2025: Автофестивалі  ауқымды көлемде аталып өтті   

Өткен демалыс күндері Қапшағай су қоймасының жағалауында өткен LowKzMeet 2025 фестивалі, еліміздің түкпір-түкпірінен 6000-нан астам көрермен, 200-ден астам түрлі автокөлік пен 50 батыл да батыр көлік иелерінің басын қосты, деп хабарлайды Jurttmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қапшағайдың жағасындағы ASP клубта өткен екі күнге созылған ауқымды шарада ерекше бағдарлама, халықаралық қонақтар, әсерлі дрейф-батлдар және тюнинг жобалардың  ауқымды көрмесімен тамашалаушыларды таң-тамаша қалдырды.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, LowKzMeet – бұл жай көрме немесе автокөлік байқауы емес, бұл Қазақстандағы көлік мәдениетін дамыту мен осы жобаға қызығушыларды шабыттандыру және коммуникация үшін жанды платформа. 2016 жылы негізі қаланған фестиваль  бұл күнде аймақтағы ең ірі авто іс-шараға айналған.

Біз шағын автотұрақтарда 10-20 көліктен бастадық. Бас кезінде бір-бірімізге көліктерімізді көрсету және сөйлесу үшін ғана жиналып жүрдік. Сол кездерде біздер туралы, бірнеше жылдан кейін осындай мыңдаған адамдарды жинап, рекордтар орнатып, кәсіби шоу деңгейіне жетеді деп ешкім ойлаған жоқ. Бүгінгі күні LowKzMeet жай ғана мереке емес, бұл тұтас қозғалыс. Біз қауіпсіз, ашық алаң жасап жатырмыз, онда әркім өз көлігін көрсете алады, өз стилін және өз мүмкіндігін байқауға келеді», — дейді шараның бас ұйымдастырушысы Дархан Ысқақов.

Оның айтуынша, Қонаев қаласындағы ASP Club осындайц шараны өткізуге таптырмас орын болып отыр.

Бірнеше жыл басқа жерлерде өткізіп көре келе кейін  ASP Club-ты таңдадық. Мұнда дрейф-аренасы, көрме алаңдары, 3500 адамға арналған арнайы орын және бүкіл отбасы үшін қолайлы жағдайлар бар. Біз үшін шоуды, жайлылық пен қауіпсіздікті үйлестіру маңызды болды және біз дегенмізге жете алдық деп ойлаймын, — деп толықтырды сөзін Дархан Ысқақов.

Фестивальдің шарықтау шегінде  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 50-ден астам көлік тізгінші  түрлі дрифт-шоу көрсетті. Қатысушылар арасында тәжірибелі кәсіпқойлар да, мотоспорттағы алғашқы қадамдарын енді бастаған көше дрифтерлері де бар.

Мен LowKzMeet-ке бірінші жыл қатысып отырғаным жоқ – бұл жай жарыс немесе көрме емес, нағыз медиа алаң,  Біз бұл жобаны жасап жатқанымызға екі жылдай уақыт болды. Көлік толығымен жеңілдетілген және қайта жасалған, корпусы пластик, қозғалтқышы 5 литрлік V8. Мен тіпті Mercedes-тің де жапон платформалары деңгейінде жүре алатынын дәлелдегім келді. Ал фестиваль — өз көзқарасыңызды, деңгейіңізді көрсетіп, басқаларды шабыттандыратын орын,-дейді Mercedes-Benz 190 (W201) көлігімен додаға қатысқан дрифтер Евгений Чуматиди.

Ол Қазақстанда соңғы кезде дрифтинг қарқынды дамып келе жатқанын, тіпті дрифт мектептері мен жаңа командалар пайда болғанын айтады.

Бүгінде кез келген адам дрифт мектебіне түсіп, өзін жауынгерлік көліктің рульінде сынап көре алады – бұл біздің мотоспорттың болашағы үшін өте жақсы, — деп түйіндеді ол өз сөзін.

Көрме алаңы JDM классикасынан бастап позиция мен тапсырыс жобаларына дейін 150-ден астам бірегей автокөліктерді біріктірді. Әрбір экспонат иесінің талғамының, қиялының, тынымсыз еңбегінің көрінісі деуге болады.

Фестивальдің арнайы қонақтары арасында танымал ресейлік автоблогер Марат «Борода» (Өзінің ASATA арнасында 3,4 миллион жазылушысы бар) және  дрифт-блогер Виталий Козлов бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың қатысуы ТМД аудиториясының қосымша назарын аударды және отандық  LowKzMeet  халықаралық деңгейде танытуға көмектеседі.

Мен Қазақстанда және LowKzMeet-те бірінші рет болып отырмын, бірақ жоба туралы бұрын да естігенмін. Мен Солтүстік Осетия-Алания Республикасынан (РФ), осындай ауқымды қазақстандық жобаны өз көзіммен көру және Қазақстанның автомәдениетімен және осы жақтағы  дрифтерлермен танысу үшін келдім.  Бұл туралы өз аудиториям үшін  толығырақ айтып бергім келеді: «Бізді шақырған ұйымдастырушыларға көп рахмет, — дейді автоблогер Марат «Борода».

Биылғы LowKzMeet 2025 фестивалі жоба тарихындағы ең ауқымды шараның бірі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 6 мыңнан астам адам қатысқан. Қатысушыларға 10 номинация бойынша арнайы кубоктар мен марапаттар табыс етілді.

LowKzMeet жай ғана шоу емес, бұл көлік, стиль және еркіндік үшін өмір сүретіндердің назарын аударатын жер. Біз алдағы уақытта да жарқын жобалар дүниеге келетін, командалар құрылатын және шабыт пайда болатын ортаны жасаймыз, — деп түйіндеді өз ойын ұйымдастырушы Дархан Ысқақов.

Фото: Ренат Арасланов

Набира АЛМАНОВА, JM