Елімізде мемлекеттік сатып алу кезінде шетелде өндірілген азық-түлік тауарларына шектеу енгізіледі,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Тиісті қаулыны Үкімет 2026 жылғы 23 қарашада қабылдады. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алуға отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар ғана қатыса алады. Алайда елімізде өндірілмейтін азық-түлік тауарларына бұл шектеу қолданылмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шектеуге жататын тауарлар тізімін бекітуге тиіс. Қаулы 2026 жылғы 6 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және екі жыл бойы қолданылады.
Үкімет бұл шешімді ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылдап отыр.
