23 қарашада Алматы, Жезқазған және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Синоптиктердің болжамынша, Алматы мен Жезқазғанда қолайсыз жағдай күндіз, ал Атырауда түнде күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде баяу жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін. Бұл ауа сапасының төмендеуіне және адам денсаулығына кері әсер етуіне әкеледі.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға бірқатар сақтық шараларын ұсынады:
- Ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе көлік көп жүретін жолдардың маңында серуендеуді шектеуге кеңес беріледі.
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.
- Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
- Таза ауадағы дене белсенділігін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан дұрыс.
