Елімізде мектептерде қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсанда басталып, 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Бекітілген оқу кестесіне сәйкес, қысқы каникул 14 күнге созылады. Оқушылар жаңа тоқсандағы сабаққа 2027 жылғы 11 қаңтарда кіріседі.
Ал бірінші сынып оқушылары үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы жеті күн демалады.
Айта кетейік, желтоқсанда оқушыларды Тәуелсіздік күніне орай қосымша демалыс күтіп тұр. Биыл 16 желтоқсан сәрсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.
