Үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел қызды болды

Маңғыстау облысында бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы Күмісай Палекеева қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Lada.kz басылымы мәлім етті,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Перинаталдық орталықтың мәліметінше, нәрестенің салмағы -3400 грамм, бойы -52 сантиметр. Анасына кесарь тілігі жасалған. Жүктілік кезеңі ешқандай асқынусыз өткен. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Нәрестеге Ария есімі берілген. Бұл есімді әкесі таңдаған. Күмісай Палекееваның айтуынша, ол 51 жасында қайтадан ана атанамын деп ойламаған. Алайда дәрігерлер мен жақындарының қолдауымен экстракорпоралды ұрықтандыру әдісіне жүгінуге шешім қабылдаған.

Әйелдің сөзінше, өмірге деген үмітін қайта оятып, шаңырағына қуаныш сыйлау мақсатында осындай қадамға барған. Қайғылы оқиғадан кейін медициналық клиника ұсынған сертификаттың арқасында ерлі-зайыпты ЭКО процедурасынан тегін өткен.

Сонымен қатар биыл қыркүйек айында отбасы 13 жастағы баланы да асырап алған. Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Мұнайлы ауданына қарасты «Қаламқас» тұрғын алабында қайғылы оқиға болған еді. Иіс газынан уланып, ерлі-зайыптының үш баласы көз жұмған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика