Президент сайлауына студенттер атынан кандидат қатысады

Сербияда президент сайлауы 2026 жылғы 27 желтоқсанға белгіленді. Бұл туралы ел президентінің міндетін атқарушы, Халықтық скупщина төрағасы Александр Чупич мәлімдеді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Чупичтің айтуынша, сайлауға «Студенттер тізімі» атынан кандидат қатысады. Алайда ол билік басындағы саяси бірлестіктің атынан ұсынылатын үміткердің есімін жария етпеді.

Айта кетейік, Александр Чупич 19 қарашада Сербия Халықтық скупщинасының төрағасы болып сайланған. Оның кандидатурасын 140 депутат қолдаған. Осылайша, парламент спикері қызметімен қатар оған мемлекет басшысының міндетін уақытша атқару өкілеттігі де берілді.

Сербия заңнамасына сәйкес, елдің жаңа президентін сайлау 27 желтоқсаннан кешіктірілмеуге тиіс.

Бұған дейін Сербияда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауда «Студенттер жеңіске жетеді» бірлестігі 53,01 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткені хабарланған болатын. Ал «Александр Вучич — Біртұтас Сербия» сайлау тізімі 38,98 пайыз дауыс алған еді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика