«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кезекті патрульдеу кезінде инспектор Каспий итбалықтарын кездестірді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Теңіз жануарлары табиғи мекен ету ортасында еркін жүзіп жүрген. Сирек кездесетін жануарлардың көзге түсуі өңірдің табиғи байлығын сақтау мен жойылып кету қаупі бар түрлерді қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Айта кетейік, Каспий итбалығы — Каспий теңізін мекендейтін жалғыз теңіз сүтқоректісі. Бұл жануар қазір Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауды қажет етіп отыр.
