Коллекторлық агенттіктер жұмыс істеу құқығынан айырылды

Заң талаптарын жүйелі түрде бұзған төрт коллекторлық агенттік арнайы тізілімнен шығарылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, ведомство жүргізген тексерулер нәтижесінде компаниялардың борышкерлермен және үшінші тұлғалармен қарым-қатынас жасау кезінде бірнеше рет заңсыз әрекеттерге барғаны анықталған. Атап айтқанда, соңғы 12 ай ішінде үш және одан да көп рет заңбұзушылыққа жол берген.

«Коллекторлық агенттік Seven» ЖШС, «Коллекторлық агенттік iCollect» ЖШС, «Коллекторлық агенттік Каз Инвест Коллекшн» ЖШС, «Коллекторлық агенттік Табыс» ЖШС тізілімнен шығарылып, бұдан былай коллекторлық қызметпен айналысу құқығынан айырылады. Сонымен қатар олар тиісті хабарламаны алғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде кредиторларға, борышкерлерге және келісімшарт жасалған өзге де тараптарға бұл туралы хабарлауға міндетті.

Ал 30 күнтізбелік күн ішінде қайта тіркеуден өтіп, атауларынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді және осы қызмет түрін білдіретін басқа да атауларды алып тастауға тиіс.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика