«Ұмай» ипотекасының шарттары өзгереді

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасының шарттарын өзгерту және бастапқы жарна мөлшерін төмендету мүмкіндіктері қарастырылып жатыр,-деп хабарлайды Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жаңа талаптарды 2027 жылы жариялау жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков қазір «Отбасы банкімен» бірлесіп бағдарламаның жаңа қаржылық моделі әзірленіп жатқанын жеткізді. Соның аясында бастапқы жарнаны төмендетуге мүмкіндік беретін тетіктер қарастырылып жатыр.

Жаңа шарттарды келер жылы көпшілік назарына ұсыну жоспарланған. Ал Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бағдарламаға деген сұраныстың артуы мен кезектің қалыптасуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, сұранысы жоғары ипотекалық бағдарламалар мен қаржылық өнімдерде мұндай жағдайлар жиі кездеседі.

Вице-министрдің айтуынша, қосымша қаржы қарастырылған жағдайда бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған қатысуға ниетті азаматтардың сұранысын қанағаттандыру жолдары қарастырылуы мүмкін.Бұл бағыттағы қосымша қаржылық құралдар бюджет мүмкіндіктері мен тұрғын үй нарығындағы жағдайды ескере отырып әзірленбек.

Осылайша, «Ұмай» ипотекасының жаңартылған талаптары 2027 жылы белгілі болуы мүмкін. Бағдарламадағы басты өзгерістердің бірі бастапқы жарнаны төмендетуге бағытталмақ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика