ҚазҰУ-да студенттер қауіпсіздігіне қатысты тексеру жүргізіледі

Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына кешенді тексеру жүргізеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Осы мақсатта университетке арнайы мониторингтік топ жіберіледі. Мамандар білім ордасында студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты заңнама талаптарының және ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын тексереді.

Сонымен қатар тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігі бағаланады. Әсіресе студенттер арасындағы жанжалдардың алдын алу, олардың өтініштеріне уақытылы жауап беру және психологиялық көмек көрсету тетіктеріне басымдық беріледі.

Тексеру қорытындысы бойынша студенттер қауіпсіздігін күшейту және профилактикалық жұмыстарды жетілдіру бағытында қосымша шаралар әзірленеді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика