Оркестр мен Республика Сарайы арасында дау туды

Тәуелсіз симфониялық оркестр Ne Prosto Orchestra Алматыдағы Республика сарайының әкімшілігімен концерт өткізу шарттарына қатысты келіспеушілікке тап болды,-деп Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Оркестрдің мәлімдеуінше, әкімшілік концерт билеттерін «Алматы әуендері» операторы арқылы сатуды және айналымнан 2 пайыз комиссия төлеуді талап еткен. Музыканттар билет операторын өздері таңдауға мүмкіндік беруді ұсынғанымен, ұсыныстары қабылданбаған.

Ал Республика сарайының әкімшілігі бірыңғай билет жүйесі қауіпсіздік пен көрермендер легін бақылау үшін қажет екенін мәлімдеді. Комиссия жүйені күтіп ұстауға жұмсалатынын айтты.

Оркестр бұл мәселені алты айдан бері түрлі мекемелер арқылы шешуге тырысқанымен, әзірге нәтиже жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика