Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оның айтуынша, мемлекет азаматтарға көлік сатып алудың түрлі тетіктерін ұсынуды көздейді. Автолизинг солардың бірі. Тиісті өзгерістер биыл енгізілген.
Азаматтар көлікті несиеге, бөліп төлеу немесе лизинг арқылы сатып алу жолын өз мүмкіндігіне қарай таңдай алады,-деді вице-министр.
Сондай-ақ министрлік бағдарламамен қамтылатын азаматтар саны бойынша нақты мақсат қоймайды. Басты міндет халыққа көлік сатып алудың қолайлы жолдарын ұсыну.
