Алматы қаласының тұрғыны “Қорғас” шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы арқылы 5 келіден астам алтынды заңсыз өткізбек болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ол бағалы металдарды кедендік бақылаудан жасыру үшін денесіне жабысқақ таспамен бекітіп алған. Кедендік тексеру кезінде контрабандалық тауар анықталып, тәркіленді.
Сотта мемлекеттік айыптаушы ер адамның экономикалық контрабанда жасауға оқталғанын дәлелдеді.
Панфилов аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылды. Сот шешімімен жалпы құны 488 миллион теңге болатын 5 келі 764 грамм алтын мемлекет кірісіне тәркіленді.
