Президент аталған жауапты лауазымға Марат Ирменовті лайықты деп шешті,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болыптағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.
Марат Ғатаұллаұлы Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Ол арнайы қауіпсіздік саласындағы кәсіби білімін 1996 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтында шыңдады. Кейін 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясында заңгерлік мамандық алды.
Ол ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметін 1996 жылы қатардағы жедел қызмет лауазымдарынан бастап, 2000 жылға дейін жедел бөлімшелерде қызмет етті.
2000 жылдан бастап Марат Ирменов ұлттық қауіпсіздік органдарында жауапты басшылық қызметтерді атқарды. Ол Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды, ал 2022 жылдың қаңтарынан бастап ведомствоның Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы қызметін атқарған болатын.
2025 жылдың қазан айында президент өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
