Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тағы да бір студент қайтыс болды

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде араға 10 күн салып тағы да бірінші курс студенті қайтыс болғандығы туралы ақпарат тарады, -деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Артынша ақпаратты университеттің баспасөз қызметі де растады.

Оқу орнының мәліметінше, марқұм География және табиғатты пайдалану факультетінде білім алып жүрген. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіп жатыр. Университет әкімшлігі өз тараптарынан тергеудің объективті өтуіне жан-жақты қолдау көрсетіп отырғаны туралы мәлімдеген.

Сондай-ақ оқу орнының басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасына материалдық және моральдық көмек көрсетіп жатыр. Университет өкілдері марқұмның жақындарының қайғысына құрметпен қарауға және ресми расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін, 6 қараша күні ҚазҰУ студенттік қалашығында Журналистика факультетінің бірінші курс студенті де көз жұмған болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика