Астананың Нұра ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағынанда өрт болды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы
Оқиға Ұлы дала көшесінде болған. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде нысанның бірінші қабатынан ашық жалын байқалған.
Құрылыс материалдары 150 шаршы метр аумақта жанған. Өрт толықтай сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
