38 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді

Алматы-Өскемен тасжолында 38 жылқы тасымалдап келе жатқан Volvo жүк көлігі өртенді. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жануарлардың барлығын қауіпсіз жерге шығарды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

 

Оқиға 24 қараша күні таңертең тасжолдың 175-шақырымында болған. Қозғалыс кезінде отқа оранған жүк көлігін байқаған полицейлер дереу тоқтап, жүргізушіге өртті сөндіруге көмектескен.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары көліктегі жылқыларды құтқаруға кіріскен. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында 38 жылқының барлығы қауіпсіз жерге шығарылды.

Белгілі болғандай, жүргізуші жылқыларды Күршімнен Шымкентке тасымалдап бара жатқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика