«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.
Мемлекет басшысы салтанатты жиында Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен отандық спортшыларды құттықтады. Оның айтуынша, спортшылардың халықаралық жарыстардағы жеңістері еліміздің абыройын асқақтатып, көк Туымызды биікте желбіретті.
«Мен әрбір жеңісті нағыз патриотизмнің айқын көрінісі деп санаймын. Тұтас халқымыз сіздерге қолдау көрсетті, жанкүйер болды. Әр спортшының ел қоржынына қосқан медалі азаматтарымызға, әсіресе, өсіп келе жатқан жас буынға үлкен шабыт береді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы спортшылардың жетістіктері елімізде жүзеге асып жатқан түбегейлі өзгерістермен үндесетінін атап өтті. Жиында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштеріне де тоқталды. Президент Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлемі 398 миллиард долларға жақындайтынын айтты. Бұл көрсеткіш аймақтағы ең жоғары деңгей болмақ.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі құбылмалы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерге тоқмейілсімей, ел әлеуетін арттыру үшін белсенді әрі қажырлы еңбек ету қажеттігін жеткізді.
Мемлекет басшысы спортшыларға тағы да алғыс айтып, олардың жеңісті жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

