Полиция Өскемендегі ерлі-зайыптылардың әрекетін тексеруді бастады

Өскемен қаласында әкенің кәмелетке толмаған қызын ернінен сүйген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Оқиғаға қатысты қоғам белсенділері алаңдаушылық білдіріп, құқықтық баға беруді талап еткен,-деп хабарлайды Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қазір құқық қорғау органдары да видеоға қатысты тексеруді бастап кетті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әкенің 12 жастағы қызын ернінен сүйгені көрінеді. Жазба қоғамда түрлі пікір туғызып, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі мен жеке шекара мәселесін қайта көтерді. Қоғам белсенділері видеоны әлеуметтік желіге жариялаған ананың әрекетіне де сын айтып, баланың бейнесін көпшілікке көрсету оның құқықтары мен мүдделеріне қайшы келуі мүмкін екенін атап өткен.

Сондай-ақ қоғамның орынды сұрақтарына жауап берудің орнына, ата-ананың жағымсыз пікір білдірген азаматтарды сотқа беретінін мәлімдеуі жағдайды одан әрі ушықтырған.

Айта кетейік, осы видеоға байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастаған. Оқиғаның мән-жайы мен оған құқықтық баға тексеру қорытындысынан кейін анықталмақ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика