Ел шекарасынан құны 2,1 млрд теңгеден асатын тауарларды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қазан айында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, Шекара кеңістігінде 3 318 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Құзырлы органның баспасөз қызметінің дерегінше, ұсталғандардың 2791-і шетел азаматы болған.

Қолға алынған шаралар нәтижесінде, 2,1 млрд теңгеден асатын сомада тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 267 фактісінің алды алынды.
Оның ішінде Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 119 фактісі, 88 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 187 дана (933 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алдын алынған шығын сомасы 413 млн теңгеден асады.  

Аталған дәйектер бойынша Шекара қызметі 47 қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ 35 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс өндірісте жатыр.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика