ҰҚК Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түріне жататын бірнеше құсты ел аумағынан алып кетуге әрекет жасаған тұрғынның жолын кесті,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін,-делінген дереккөз берген мәліметте.
Аталған дәйек бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
