Әскерде қаза болған сарбаздардың аналары биліктен әділдік талап етті

Алматыда әр жылдары отан алдындағы борышын өтеу кезінде қаза тапқан сарбаздардың жақындары ұлдарының өліміне кінәлілердің жауапқа тартылуын сұрап, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы олар Алматыдағы баспасөз конференциясында мәлімдеді,

Біз бүгін бұл дерге әскерде қаза тапқан ұлдарымыздың өліміне қатысты. Менің марқұм баламның иек тұсында екі оқ іздері бар, екі оқ атылу аралығы 5-6 минут. Үшінші жыл «суицид» бабы бойынша іс жүріп жатыр. Бірақ бұған ешқандай дәлел жоқ. Баламның өз-өзіне өол салмағанына қатысты менде тайға таңба басқандай айғақтар бар. Сараптамалар бар. Мен тек өз баламның ғана емес, басқа да балалардың өліміне қатысты қылмыстық істердің әділ қаралуын сұраймын. Біздің қазақстандық армияда осындай жағдай болып жатқаны өте өкінішті. Бізге армия керек, бірақ мұндай емес. Мен баламның өлім себебін әділ тергеуді және кінәлілерді жазалауды талап етемін ,- деді баспасөз конференциясында әскерде қаза тапқан Кайсар Султановтың анасы Сауле Тлеубергенова.

Мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде ұлдарынан айырылған аналар әрбір оқиғаны әділ тергеуді және осындай қайғылы жағдайлардың қайталанбауын талап етті.

Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде жүйелі реформалар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Алматыдағы Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросының баспасөз орталығында тікелей эфирде өткен баспасөз конференциясы кезінде жарық сөніп, елдің басқа өңірлерінен видеобайланыс арқылы сөз сөйлеуі тиіс басқа аналармен байланыс үзіліп қалды.

Ұйымдастырушылар баспасөз конференциясын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Біраз уақыттан кейін баспасөз конференциясы қайта жалғасты, алайда электр жарығы қайтадан сөніп қалды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика