Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысының Тасқала кентінде болған. «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі көлікті артқа жүргізу кезінде рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерінің қатысуымен болған Жол көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші оқиға кезінде алкогольдік ішімдік немесе басқа да наркотикалық заттар пайдаланбағаны анықталды. Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Облыстық полиция департаменті көлікті сол ауданның полиция бөлімінің қызметкері басқарғанын растады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.