Трамп Ресей мен Украйна арасындағы соғысты тоқтату туралы уәдесінен айнып қалды

Дональд Трамп АҚШ президенттігіне сайлау науқаны кезінде  жеңіске жеткен жағдайда әлемді алаңдатып отырған күрделі мәселелер жөнінде  үлкен уәделер беріп ел сеніміне ие болған еді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпаараттық-сараптамалық порталы. 

Ол екі ел арасындағы соғысқа бар болғаны  24 сағат ішінде нүкте қоятынын айтып, сайлаушыларды сендірген еді.

Бірақ сайлауда жеңіске жеткеннен кейін бірнеше апта ішінде Трамп пен оның ауыспалы командасы өздерінің маңызды міндеттемелерінің бірі ретінде атап өткен Ресей мен Украйна арасындағы соқтығысты тоқтату мерзімі жайлы уәдесінен бас тартып отыр. Жақында Трамп екі ел арасындағы соғысты тоқтату мәселесін алдағы алты ай ішінде «шешуге» тырысатынын айтып мәлімдеме жасады, -деп жазды HuffPost ақпарат агенттігі. 

Еске сала кетейік Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде «Мен мұны 24 сағат ішінде түзететін едім, сайлауда басым дауысқа ие болып жатсам, бұл мәселені тіпті инаугурация өткенге дейін біржақты қыламын», — деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған болатын.

АҚШ президентінің салтанатты инаугурациясы 20 қаңтар күні Вашингтонда өтеді. Оған Қазақстан атынан сол елдегі Төтенше және өкілетті елші Ержан Ашықбаев қатысады.

Фото: Allison Robbert