Ішімдік ішті деген имамның орнына жаңа бас имам тағайындалды

Жақында ішімдік ішіп көлік жүрізіп келе жатып, түнгі клуб маңынан ұсталды деп қызметінен босатылған Қостанай облысының бас имамының орнына бұған дейін де Қостанайда қалалық мешітте  қызмет атқарып келген имам тағайындалды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы. 

Бұл туралы muftyat.kz мәлімдеді.

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды. Ол бұған дейін Қостанай қалалық «Марал Ишан» мешітінің имамы қызметін атқарды.Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді, — делінген ҚМДБ таратқан ақпаратта. 

Айта кетейік өткен аптада Қостанай облысының Бас имамы болып қызмете еткен Бахытбек Тәжімбет 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының, Бурабай кентінде мас халде көлік жүргізді деп айыпталып, 15 күнге қамауға алынған еді. Артынша ҚМДБ  бас имамды қызметінен босатқанын жазған болатынбыз. 

 

Фото: дереккөзден.