Еліміздің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің 11 облысында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК жүргізушілерге ескерту жасады деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы

Атап айтқанда, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болжанып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Осыған орай мамандар жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Олар қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және күрт маневр жасамауға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында қар басу қаупі бар 222 жол учаскесі анықталғаны хабарланған еді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика