Қазақстанға жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды деп хабарлайды Jurtmedia ақпарттық-сараптамалық порталы.
Тергеу мәліметінше, әйел ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Kyzdar.net сайты арқылы жезөкшелердің қызметін жарнамалап, түскен табыстың бір бөлігін алып отырған.
Күдікті биыл шілдеде Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшесі бұған дейін түрлі мерзімге сотталған. Ал кейбірі, соның ішінде күдікті әйел де қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында шетелге кеткен. Оларға халықаралық іздеу жарияланған. Биыл шілдеде Өзбекстан азаматы Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, – делінген хабарламада.
Оған мүлкін тәркілеу және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
