Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды

Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық велошабандоз Әнел Ташбай алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Спортшы шосседегі велоспорттың жеке уақытқа жүру сайысында 11 минут 32,57 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Ойындардағы екінші алтыны. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супығалиева чемпион атанған еді. Ал триатлоншы Рамазан Айгенов қола медаль иеленді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика