“Қызыл-Жар” футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға халықаралық іздеу жариялады деп хабарлайлы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ол бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 414 миллион теңгеден асады.

2023 жылы клубты қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

Тергеу барысында, Григорий Лория бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен сөз байласып, жалған құжаттар арқылы клуб қаражатын жеке есепшотына аударған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне жалған мәліметтер енгізген.

Атап айтқанда, құжаттарда қызметкерлердің жалақысы, еңбекақы қоры мен клубтың кірісі төмендетіліп көрсетілген.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика