Алматының бірқатар көшесін су басты

Алматыда кеше кешкі уақыттан бері толассыз нөсер жауып, қаланың бірқатар көшесі мен жол учаскелерін су басты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық порталы.

Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жолдарда кептеліс пайда болған. Сонымен қатар метро станцияларының бірінің кіреберісін су басқан.

Жауапты мамандардың түсіндіруінше, қалалық су бұру жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты «Алатау» станциясының солтүстік жаяу жүргіншілер өткеліне су толған.

Бұған дейін Алматы әкімдігі тұрғындарға қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасаған. Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр 12 қарашаға қараған түнге дейін жалғасады. Ал қаланың жоғарғы бөлігінде жауын-шашын қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.

Жергілікті су басу жағдайларының алдын алу және оның салдарын жою үшін жалпы саны 1579 адамнан тұратын 85 жедел бригада кезекшілікке шықты. Сондай-ақ 415 арнайы техника, 97 мотопомпа және 2950 құм толтырылған қап дайындалды, – деп хабарлады әкімдік.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика