Қазақстанда жылу мен жарық қымбаттай ма? Министр жауап берді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов электр энергиясы тарифтерін одан әрі көтеру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы ол Үкіметтегі брифингте айтты.

Биыл жоспарланған тоғыз энергия блогының сегізінде және 55 қазандықтың 49-ында жөндеу аяқталған. Қалған нысандарда жұмыстар жалғасып жатыр. Электр станцияларын жөндеуге былтыр 348 млрд теңге, биыл 384 млрд теңге бөлінген. Қаражат жылу электр орталықтарын, электр беру және жылу желілерін жөндеуге, сондай-ақ апаттық жағдайларды азайтуға бағытталған,-деді министр.

Тарифтердің алдағы уақытта өсуі мүмкін бе деген сұраққа министр бағаны көтеру туралы бастама көтеруді жоспарлап отырмағанын айтты.

Сондай-ақ брифингте Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтерге айына шамамен 73–75 мың теңге төлейтінін жеткізді. Оның айтуынша, айлық жалақысы шамамен 1,2 млн теңге.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика