Ғылыми жобалардың тиімділігі төмен

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтайда өткен брифингте Қазақстандағы ғылыми жобалардың тиімділігі төмен екенін мойындады. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Министрдің айтуынша, басты мәселелердің бірі сол, отандық ғалымдардың ғылыми әлеуетінің әлсіреуі. Оның сөзінше, 1990 жылдары еліміз көптеген ғылыми мектептен айырылып, ғалымдар арасындағы сабақтастық үзілген.

«Біз кеңестік кезеңдегі ғалымдардың үшінші буынынан айырылдық. Ғалым тәрбиелеу -өте ұзақ әрі күрделі процесс . Спортшыларды дайындау жылдамырақ болуы мүмкін. Мысалы, Майкл Фелпстің әлемдік деңгейдегі чемпион атануы үшін 10-15 жыл бойы күнделікті жаттығуы қажет болды. Ғалымдарды қалыптастыру да дәл осындай ұзақ уақытты талап етеді»,  деді Саясат Нұрбек.

Министрдің атап өтуінше, 1970-1980 жылдары математика, биология және генетика салаларында мықты ғылыми мектеп қалыптасқан. Алайда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін осы ғылыми бағыттардағы сабақтастық жоғалған.

Сондай-ақ сол кезеңде көптеген ғалым ғылыми қызметін тоқтатып, басқа салаларға ауысқан. Бұл да еліміздің ғылыми әлеуетіне кері әсерін тигізген.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика