Министр ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты пікір білдірді

Құрылтай аясындағы брифингте журналистер Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студент қыздың қаза табуына қатысты сұрақ қойды деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етілмеуі керек.

Қазір бұл тергеу төңірегінде түрлі талқылау жүріп жатыр. Біз ресми түрде ешқандай түсініктеме берген жоқпыз. Алматы қаласының Полиция департаменті де кез келген мәлімдеме мен түсіндіру кезінде абай болуды ескертті. Себебі тергеу амалдары жүріп жатыр ,– деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр бұл іске қатысты Полиция департаментінен де түсініктеме сұрайтынын жеткізді.

Біз бірден қыздың қамқоршыларымен байланысқа шықтық. Барлық шығынды университет өз мойнына алды. Төлемді де қалпына келтірдік, – деді министр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика