Қазақстан мен Еуропалық одақ Шенген визасын алу талаптарын жеңілдету жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды jurtmedia.kz
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, келіссөздердің аяқталу мерзімі әзірге белгісіз. Дегенмен министрлік оң нәтижеге жақын уақытта қол жеткізуден үмітті.
Жеңілдету аясында визалық алымды азайту, оның қолданылу мерзімін ұзарту және өтініш беру үшін қажетті құжаттар санын қысқарту мәселелері қарастырылып жатыр. Ал түпкі мақсат визасыз режимге қол жеткізу,- деді ол.
Қазақстан мен ЕО арасындағы ресми келіссөздер 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде басталған. Қазір тараптар визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер әзірлеп жатыр.
