Шымкентте көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Шымкентте полицейлер көпірден секіруге оқталған бойжеткенді құтқарып қалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Қала аумағын патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары көпір үстінде тұрған қызды байқап, дереу көмекке келген. Олар бойжеткенді сабырға шақырып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, қыз медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика