Алматыда жолаушыға дөрекілік танытып, балағат сөз айтқан 53 жастағы такси жүргізушісі жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиға кезінде әйел адам баласымен бірге таксиде отырған. Сапар барысында бүлдіршін абайсызда көлік салонын былғап алған. Бұған ашуланған жүргізуші әйелді балағаттап, көлік тоқтағаннан кейін де тіл тигізуін жалғастырған.
Жолаушы оқиғаны видеоға түсіріп, полицияға шағымданған. Материалдар сотқа жолданып, жүргізуші жеті тәулікке қамалды.
Полиция қандай жағдай болса да, жолаушыны қорлау мен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін ескертті.
