ONAY жүйесі істен шықты

«Бүгін таңертең Алматы метросында ONAY төлем жүйесінде техникалық ақау болып, жолаушылар әбігерге түсті. Соның салдарынан тұрғындардың бірқатары жұмыс пен сабаққа кешіккен», деп хабарлайды  Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

 9 қараша күні таңғы сағат 6:30-дан бастап барлық метро стансасында мобильді қосымшадағы QR-код арқылы жолақы төлеу мүмкін болмаған. Техникалық ақауға байланысты стансаларда ұзын-сонар кезек пайда болып, жолаушылар әлеуметтік желілерде наразылықтарын білдірген.

Метрополитен өкілдерінің хабарлауынша, ақау таңғы сағат 9:30-да толық жойылған. Қазір жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар ONAY карталары, өзге банк карталары мен басқа төлем қосымшалары арқылы есеп айырысу тоқтамаған.

Метрополитен әкімшілігі жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика