Алматьлықтар үйлері жылынбаса «Жедел әрекет ету штабына» хабарласа алады

Оңтүстік астанада 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында тәулік бойы «Жедел әрекет ету штабы» жұмыс істейді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Сондай-ақ қала тұрғындары жылу болмаған, су аққан немесе ақау туындаған жағдайда 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі бойынша Бірыңғай диспетчерлік орталыққа, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына жүгіне алады.

Жылыту нысандарын орталық жүйеге қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына және тұрғындар үшін маңызды басқа да нысандарға беріледі. Одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де нысандар жылу жүйесіне қосылады, – деді басқарма өкілдері.

Тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін пәтерлердегі радиаторлар мен бекіту арматурасының жарамдылығын тексеру ұсынылады. Жылыту жүйесіне өз бетінше тиісуге, соның ішінде радиаторларды алып тастауға немесе жүйедегі суды ағызуға болмайды. Мұндай әрекеттер апатқа, жылыту жүйесінің жұмысы бұзылуына және тікқұбырлардағы жылудың өшуіне әкелуі мүмкін.

Өтінішті 109 жедел желісі мен Бірыңғай диспетчерлік орталықтан бөлек, Open Almaty және e-Otinish сервистері арқылы, сондай-ақ басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жолдауға болады.

Еске салайық, Алматыда жылыту маусымын 9 қазанда бастау жоспарланған.

Тұрғын үйлерді орталық жылуға қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланған. Жылу үйге берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары ішкі жылу жүйелерін реттейді. Олар радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және жылудың пәтерлерге біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика