ХХ жазғы Азия ойындарының 9-шы алтыны қоржынға түсті

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жерлесіміз жеңіл атлет әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші келді.

Ясмина жарыс жолын сенімді өткізіп, ең жақын қарсыласынан төрт минутқа жуық уақыт бұрын мәреге жетті. қалаған күміс және өола жүлделерді қытай спортшылары еншіледі. Олар, 🥈 Даньцзэн Цюйцзун (Қытай) — 3:26:09 🥉 Ма Ли (Қытай) — 3:32:26

21 жастағы Ясмина Тоқсанбаева бұған дейін де құрлықтық деңгейде жоғары нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы ол 20 шақырымдық спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2026 жылы Жапонияда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Айчи–Нагоядағы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі болды.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіл атлетикадан Кристина Морозова спорттық жүрісте күміс жүлде иеленген болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика