Тоқаев ҰҚК төрағасына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Кездесу барысында ведомствоның жыл басынан бергі жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды. Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Кездесу кезінде ҰҚК төрағасы Президентке терроризм мен экстремизмге, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттарында бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика