Астанадағы Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды 

Елорда прокуратурасы Mardan тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысына азаматтардың қаражатын заңсыз тартуға байланысты қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Астана прокуратурасының ресми өкілі Динара Тукеева мәлімдеді

Қылмыстық топтың әрекетінен 274 отбасы зардап шекті, келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,1 млрд теңге.

Ресми өкіл берген мәліметінше, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар міндетті рұқсат құжаттарынсыз салымшылардың ақшалай қаражатын тартып, оны мақсатсыз пайдаланған, ал құрылыс жұмыстары заң бұзушылықтармен жүргізілген.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен 1 млрд теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды. 4 күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды,-деді Д. Тукеева.

Сонымен қатар елорда прокуратурасы азаматтарды салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмас бұрын тиісті рұқсаттың бар-жоғын тексеруге шақырды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика